Переведите текст өкініш - малдаржан, мектептен келген соң қозыларға шөп орып әкел, - деді көкесі жұмысқа кетіп бара жатып. - мақұл, көке. бірақ малдар мектептен келгенде әкесінің айтқанын ұмытып кетті. әжесі тамаққа тойдырған соң, далаға шығып, доп қуа жөнелді. содан күн батуға жақындағанда шаршап-шалдығып үйге әзер жетті. әжей шөп әкеліп, қозыларды көгендеп қойған екен. ол қуанғанынан кереуетке құлай кетті де, сол бойы тәтті ұйқыға шомды. бір кезде дабыр-дұбыр сөйлескен дауыстан оянды. ақырын көзін ашып қарағанда әке-шешесінің жұмыстан келіп, әжесімен бірге тамақ ішіп отырғанын көрді. - малдаржан сабақтан келген соң, тамақ ішті ме? - деді көкесі. - жоқ, қолы тимеді, - деп жауап берді әжесі немересінің жалқаулығын жасырып. - оқудан келді де, шөпке кетті. одан соң арқандаулы сиырды суарды. айналайын, содан шаршап қалған-ау, келді де, тамаққа қарамай ұйықтап кетті. - а? о, азамат болды десеңізші. міне, міне, жігіт болды деген осы. о, айналайын, жарайды ол. көкесі мен шешесі әжейдің сөзіне сеніп, ұлдарын айналып-толғанумен болды. ал мұның бәрін тыңдап жатқан малдар олардың өзін босқа мақтап отырғанын біліп, іштей қатты ыңғайсызданды. осы кезде малдар сол жұмыстың бәрін өзі істемегеніне өкінді. онда ол ата-ананың шын қуанышы болар еді-ау! малдар таңның атуын тағатсыздана күтті. себебі ол ертең әжесіне жалған айтқызбайтынына, әке-шешесін шын қуандыратынына сенімді еді.