Переведите текст: қонақ шақыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. келген қонақ өзін жайлы сезінуі үшін, үй иесі көп нәрсені ойында ұстағаны жөн. жаңа жылда, наурыз мейрамында, мерейтой, туған күн деген сияқты атаулы мерекелерде қонақ шақырған жөн. үлкен тойларға арнайы шақыру билеттерін кемінде бір ай бұрын жіберу керек. отбасылық кішігірім отырыстарға қонақтарды ауызша немесе телефонмен де шақыруға болады. қонақ шақырғанда уақытын және себебін анық айту керек.