Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды.

Жер-жаханды сері самалға өткізіп , жұрттың аузын аққа жеткізіп , нұр тамшыларын
аямай төккізіп , қиындықтын бәрін келер жылға өткізіп, самарқанның көк тасын ерітіп,
алтын күрекпен жер жүзін жібітіп, Тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына
дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп,
Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, алатаудың төбесінен көкке тигізіп, қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың құздарды шаттанып тізбектеп тырналарды,
сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды шапшытып арықтарды, тербелтіп наз
қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып,
айтып ертегіңді , жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!