Перевести на .спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. алматы қаласынан 18 км жерде, кіші алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орталықтары орналасқан.айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. медеу спорт кешені құрамына медеу қонақ үйі кіреді. медеу спорт кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.