Перевести: орта азия мен қытай мемлекеттерін байланыстырған ұлы жібек жолы қазақ жерінен өткен. өлкемізде керуен жолын бойлай ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған. солардың бірі әлемге әйгілі көне қала – тараз. тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен і ғасырында-ақ қаланған. қазба жұмыстары барысында ерекше сәулетті қала екендігі белгілі болған. түрлі ғимараттар мен сәулетті құрылыстар археологтарды таң қалдырған. көне тараз астынан су құбырлары, сауда дүкендері, зергерлік шеберханалар мен монша ғимараты табылған. бұлардың барлығы түрлі ою- өрнектермен әшекейленіп, зер тастармен қапталған. тараз х- хіі ғасырларда қарахан хандығы заманында гүлденіп . сол кезден қалған айша бибі, бабажы қатын, тектұрмас, қарахан мазарлары, шамансұр ( дәуітбек) кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады. көне ескерткіш – тараз моншасы ерекше үлгімен салынған. монша 5 бөлмеден тұрған. ыстық, суық сулар қыш құбырлармен келген. тамаша сәулет ескерткіштердің бірі – тас көпір қаланы қақ жарып ағып өтетін талас өзенінің үстіне салынған. тараз қаласының тарихы бастан кешкен бір жайт – түрлі себептермен қала атының өзгеруі. мысалы, ерте орта ғасырда янги, 1853 жылы - әулие ата, 1936 жылы - мирзоян, 1938 жылы – жамбыл деп аталған. ал 1997 жылы қаңтар айында ежелгі тараз аты қайтарылып берілді. қазіргі уақытта тараз гүлденген жасыл қалаға айналды.