Бұл поэмада бір отбасының жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Емші шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана ауруынан сауығады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, аққулар тұрақтайтын көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады.Сөйтсе мылтықтың оғы аққуға тиген екен. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,бірақ үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын көреді.Осылайша шығарма аяқталады.
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертінді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады. Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да Шуылдап желмен бірге бас ұрады... Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жаныбында, Дәм болар алуан - алуан балығында... Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында. Құдіретін құдайымның көресін бе? Не нәжіс тоқтар өзен денесінде... Арыстан демалуға суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар терісіне...