1. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Время и камень точит. 2. Әр а Все люди – дети своего времени. 3. Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ. Ничто не дальше вчерашнего дня, ничто не ближе завтрашнего дня. 4. Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас. Не возраст сближает людей, а время. 5. Мезгіл жетсе, мұз да ерір. Придет время – и лед растает. 6. Адамды заманы билейді. Поступками человека время управляет.7. Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы. По лесу и звери, по времени и законы. 8. Әр айдың аты басқа. У каждого месяца свое название. 9. Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки. И шапку, как время велит, надевай. 10. Әр заманда бір көреген. Каждая эпоха рождает своих великих людей.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.