В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
salgis
salgis
11.02.2021 12:35 •  Қазақ тiлi

Құпия кеңес менің атым қожа тауып беріңдерші өтініш ​

Показать ответ
Ответ:
raxmatullin174
raxmatullin174
18.03.2021 08:48

- Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? — деп сұрады зоология пәнінің мұғалімі Оспанов. 

- Мен әкелем, — дедім. 

- Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ. 

- Ағай, неше бақа әкелейін? 

- Бір... екеу әкелсең, жетеді. 

Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толтырып,  бес  бақа  әкелдім.  Оның  біреуі  ғана  үлкендеу  еді  де,  басқалары кішкентай ұсақ бақалар болатын. 

Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен сумкасын  менің  алдыма  стол  үстіне  қалдырып,  өзі  тысқа  шығып  кетті. Қоңырау  әлі  бола  қоймаған.  Сол  кезде  сап  етіп  басыма  бір  қызық  ой  келе қалды.  Кішкентай  бақаның  бірін  Майқанованың  сумкасына  сүңгіттім  де жібердім. Не болар екен? 

Қоңырау  соғылды,  сабақ,  басталды.  Тізім  шақырып  болғаннан  кейін, Майқанова  сумкасын  ашып,  қол  орамалын  суырып  алды.  Сол  кезде кішкентай  қарасұр  бақа  қол  орамалмен  қоса  секіріп  шығып,  секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен дауысы  бірақ  шығып  үлгерді.  Ӛңі  құп-қу  болып,  сылқ  етіп  құлап  бара жатыр... 

Майқанова  содан  сабаққа  екі  күн  бойына  келмеді.  Шошынып,  ауырып 

қалыпты.  Жұмысқа  бүгін  ғана  шығып  отыр.  Бүкіл  мектепті  даңғаза  қылған бақа оқиғасының мән - жайы, міне, осындай.

Мен  байыбына  бара  алмаған  жұмбақтың  шешуін  үйге  келгеннен кейін мамам айтты: 

-  Балам,  сен  класс  жетекшіңе  бекер  ренжисің.  «Майқанова  маған  өш, мені  жек  көреді,  қыр  соңыма  түсіп  алды»  дегеніңнің  бәрі  бос  сөз,  —  деді мамам. — Жек кӛрген адам педсоветте саған жаны ашып, қорғап сөйлемеген болар  еді.  Ол  сені  жек  көрмек  түгіл,  жақсы  көреді,  осыны  біл.  Оған ұнамайтыны  сенің  тентектік  қылықтарың.  Жасында  жетімдік  өмірдің 

тауқыметін көп тартып, жүйкесі жұқарып өскен адам тарынғыш, ашуланшақ болады.  Сендердің  әрбір  жөнсіз  қылықтарың  оның  миына  инедей  қадалып тұрады. Майқанованың шыж - быж  етіп ұрса жөнелетіні осы себептен. Мінезі  әлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл тимейді. 

Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұғалімді аяуларың керек. 

Мамамның  Майқанова  жӛнінде  айтқандары  маған  ой  салды.  Шынында да,  оның  менімен  өш  боларлықтай  алты  аласы,  бес  бересісі  бар  ма? Шырылдаса,  ұрысса,  бізді  адам  болсын,  жаман  жолға  түсіп  кетпесін  дейтін шығар.  Иә,  мамам  айтпақшы,  біз  бала  деген  ақымақ  халықпыз,шолақ ойлаймыз. 

Мен Майқанованың жетім өскендігін білмеуші едім. Енді оған біртүрлі аяныш  көзбен  қарай  бастағандаймын.  Бәсе,  денесі  де  сондай  нәзік,  киімі  де жұпыны, қыстан бүрсеңдеп жұқа пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір ғана жыл  болған,  қайтсін  енді.  Сонымен  тақасып,  әй,  Қара  Қожа,  ақымақсың, шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ. 

Менің  Майқанова  жөніндегі  пікірімнің  оңы  —  сол,  солы  оң  болып өзгере бастады. 

— Педсовет, педсовет немен тынды? 

Сабыр  ет,  оқушым,  қазір  айтып  берем.  Педсоветтің  тиянағы  мынадай: 

Қадыров  жөніндегі  мәселе  класс  жиналысында  қаралсын.  Егер  алтыншы класс  оқушылары  Қадыров  Қожаның  бұдан  былай  ешқандай  тәртіпсіздік істемеймін,  түзелемін  деген  уәдесіне  сеніп,  дирекция  алдында  кепілдік беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер олар ондай  кепілдік  бермесе,  Қадыров  Қожа  осы  аудандағы  өзге  мектептердің біріне ауыстырылсын. 

Педсоветтің мен жөніндегі қаулысы осында

Құпия кеңес жайы сөз болады, повесть осымен аяқталады. 

Кешкі  астан  кейін  тӛр  үйге  кіріп,  стол  шамды  жақтым  да,  сырттан ештеңе кӛрінбестей етіп терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет келіп отырдым. 

- Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде  бір-ақ  мәселе  —  тәртіпті,  үлгілі  оқушы  болу  үшін  мен  бұдан былай не істеуім керек? 

Күн  тәртібін  протоколға  мәнерлеп  жаздым  да,  қылмыскердің  жүзіне қарадым: 

- Ал сөйле, батырым. 

Ол  арсыз  бұның  бәрін  қалжың  деп  ойлайтын  болу  керек,  күледі  маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді. 

Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс 

түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым: 

- Түрегел! 

Батырыңа жан керек екен, ұшып түрегелді. 

- Отыр!  

Қайта отырды. 

- Неге шақырдың, Қожатай? — деп әжем кіріп келе жатыр. 

- Шақырғам жоқ, ары барыңыз. 

- Дауыстағандай болдың ғой? 

- Сізге емес... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр.  Бөгет жасамаңыз. 

- Кеңесі несі? 

- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс өтіп жатыр. 

Әжем бір сәтке аңырып, үрке қарап қалды. 

-  Әкем - ау,  мынау  не  айтады?  Жиылысы  несі?  Столды  айнаның  алдына неге қойдың? 

- Ту, жарықтық - ай, — деп кейідім мен, — өзіңізге тиісті емес нәрседе не 

шаруаңыз бар. Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды. 

Әжем  менің  қасыма  келді.  Қарасы  қызғылттанып,  жасаураған  қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады. 

-  Қожатай,  шыбыным...  сен...  бисмилла  деші.  Бисмилла  деші, 

шыбыным...  Түнде  де  ұйықтап  жатып,  жиылыс  ашық,  талқылаймын  деп, бірдеңелерді  айтып  шығып  едің,  шошымалданып  жүрсің  ғой  деймін. Бисмилла деші... 

Ыза болғаным соншалық: 

-Бисмилла!  Бисмилла!  Бисмилла!  —  деп  нығарлап  үш  рет  айттым.  — 

Болды ма? Жоқ, тағы айтайын ба? 

-  Шыбыным...  жалғыздан  жалғыз  отырып  та  адам  жиналыс  өткізе  ме 

екен?  Түн  болса,  сарылып  көп  оқисың.  Осы  сенің  ұйқың  қанбай  жүр  ғой деймін? 

Мен орнымнан ұшып түрегелдім: 

- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы. 

Тартыншақтағанына  болмай,  әжемді  шығарып  жібердім  де,  есікті  іліп алдым.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота