Мен — бақытты ұрпақпын, өйткені мен осындай күндерде өмір сүріп жатырмын. Өз басым «адам өзінің ата-бабаларының тарихын білмей, болашаққа ешқандай қадам баса алмайды» деген пікірге толықтай қосыламын және осы бейбіт күнге қалай, кімнің арқасында жеткенімізді білу, сол туралы құнды деректерді игеру біздің бүгінгі парызымыз деп есептеймін.