Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты.Менен қалған мынау Еділ жұрт!... – деп еңірейтіні осы тұс.
Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.
Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады
Мұқағали жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзге оттай басылып, ыстық көрінетін ол жұлдызды басқаларының жұлдыздарымен шатастыру мүмкін емес. Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды. Австралияның, не немістердің құйып қойғандай костюмін кимей-ақ, галстугін тақпай-ақ, біресе сәбише шаттанып, ақ түйенің қарны жарылғандай ақ жарқын, бірде қайғысын қара жерде ауырсынардай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдында қасқая қарап тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді, Катонқарағайда қалған қарындасының сағынышы ма, дауылы Махамбет боп дауыстаған құм Нарындағы ақын жанды бауыры ма, Асан қайғы аруанасының ізінен өнген Шардараның шарқ ұрған шағаласы ма, бұлттары өлең боп құшқан Оқжетпестің көк тасты қиясындағы қарағайы, әйтеуір бәрі Мұқағали болып сөйлейді, Мұқағали болып ән салады.Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл – поэзия құдіреті.
Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты.Менен қалған мынау Еділ жұрт!... – деп еңірейтіні осы тұс.
Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.
Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады
Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады, Мұқағали жұлдызы жарқырайды.
Австралияның, не немістердің құйып қойғандай костюмін кимей-ақ, галстугін тақпай-ақ, біресе сәбише шаттанып, ақ түйенің қарны жарылғандай ақ жарқын, бірде қайғысын қара жерде ауырсынардай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдында қасқая қарап тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді, Катонқарағайда қалған қарындасының сағынышы ма, дауылы Махамбет боп дауыстаған құм Нарындағы ақын жанды бауыры ма, Асан қайғы аруанасының ізінен өнген Шардараның шарқ ұрған шағаласы ма, бұлттары өлең боп құшқан Оқжетпестің көк тасты қиясындағы қарағайы, әйтеуір бәрі Мұқағали болып сөйлейді, Мұқағали болып ән салады.Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл – поэзия құдіреті.