Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:- Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.- Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:- Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір:- Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:- Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай:- Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді.Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.Сонда әкесі:- Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді.Бала бармақшы болады да, әкесінен:- Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды.- Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға:- Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді.Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:- Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді.Сонда кемпір:- Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді.Сонда бала:- Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді.Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғыменқашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге:- Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді.Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:- Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір:- Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді.Сонда түлкі:- Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға:- Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады.
«Күлтегін» жырында еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? Ойыңызды жинақтап, эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз. Сөз саны 80
КҮЛТЕГІН ЖЫРЫНДА КҮЛТЕГІННІҢ СӨЗДЕРІНЕН ЕЛІНЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕУШІЛІГІН КӨРУГЕ БОЛАДЫ. МЫСАЛЫ СОЛ ЖЫРДА ОЛ АҒАМ МЕН ӘКЕМНЕН ҚАЛҒАН ЖЕРДІ ҚҰРЫМАҚ ПА? ДЕП ТҮН ҰЙҚЫСЫҢ ТӨРТ БӨЛГЕНІ ЖАЙЫНДА АЙТАДЫ. СҮЙТІП ОЛ ХАЛЫҚ САНЫҢ ӨСІРЕДІ, МАЛДАРЫН ӨСІРЕДІ. ОН ЕКІ РЕТ СОҒЫСАДЫ, ОН ЕКІ РЕТ ҰРЫСАДЫ. АҚЫРЫ ОНЫҢ ЕЛІ БОСТАНДЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ. СҮЙТІП ОЛ БАРЛЫҚ ЕЛІН КИІНДІРІП, ТӨРТ ТҮЛІКТЕРІН САЙ ҚЫЛАДЫ. СОНДАЙ ҚИЫНДЫҚТЫ ӨТІП БІРАҚ ОНЫҢ ХАЛҚЫ БОСТАНДЫҚ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТЕДІ. ЕЛІ ҚОРҚЫНЫШСЫЗ, БЕЙБІТ ӨМІР СҮРЕДІ. ОСЫЛАЙ ЖЫРЛА БОСТАНДЫҚ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІ ЖӘНЕ ЕРКІНДІКТІ СУРЕТТЕЙ ОТЫРЫП, ТҮРКІ ЕЛІНІҢ ҚУАНЫШЫ МЕН БИБІТШІЛІГІҢ СИПАТТАҒАН.
Орындау уақыты: 15-20 минут
БАҚЫТЖАН ЖАНЕЛЬ
1-тапсырма
«Күлтегін» жырында еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? Ойыңызды жинақтап, эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз. Сөз саны 80
КҮЛТЕГІН ЖЫРЫНДА КҮЛТЕГІННІҢ СӨЗДЕРІНЕН ЕЛІНЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕУШІЛІГІН КӨРУГЕ БОЛАДЫ. МЫСАЛЫ СОЛ ЖЫРДА ОЛ АҒАМ МЕН ӘКЕМНЕН ҚАЛҒАН ЖЕРДІ ҚҰРЫМАҚ ПА? ДЕП ТҮН ҰЙҚЫСЫҢ ТӨРТ БӨЛГЕНІ ЖАЙЫНДА АЙТАДЫ. СҮЙТІП ОЛ ХАЛЫҚ САНЫҢ ӨСІРЕДІ, МАЛДАРЫН ӨСІРЕДІ. ОН ЕКІ РЕТ СОҒЫСАДЫ, ОН ЕКІ РЕТ ҰРЫСАДЫ. АҚЫРЫ ОНЫҢ ЕЛІ БОСТАНДЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ. СҮЙТІП ОЛ БАРЛЫҚ ЕЛІН КИІНДІРІП, ТӨРТ ТҮЛІКТЕРІН САЙ ҚЫЛАДЫ. СОНДАЙ ҚИЫНДЫҚТЫ ӨТІП БІРАҚ ОНЫҢ ХАЛҚЫ БОСТАНДЫҚ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТЕДІ. ЕЛІ ҚОРҚЫНЫШСЫЗ, БЕЙБІТ ӨМІР СҮРЕДІ. ОСЫЛАЙ ЖЫРЛА БОСТАНДЫҚ ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІ ЖӘНЕ ЕРКІНДІКТІ СУРЕТТЕЙ ОТЫРЫП, ТҮРКІ ЕЛІНІҢ ҚУАНЫШЫ МЕН БИБІТШІЛІГІҢ СИПАТТАҒАН.
Объяснение:
Жауап тексерілген. Смело жаза беріндер))