В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
DashaAndreanova
DashaAndreanova
19.10.2020 13:53 •  Қазақ тiлi

по заданию по геомтрии

Показать ответ
Ответ:
galinarezeda59
galinarezeda59
24.06.2022 02:17

Қазақстанның көрікті жерлері.


Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Umid3317
Umid3317
24.12.2020 04:21

Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.

Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. А  мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота