В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dashavr1
dashavr1
30.07.2020 18:18 •  Қазақ тiлi

подобрать прилагательные и определить вид Мектептерде
дипломнан
адамның
салсатың
республиканың

Показать ответ
Ответ:
kirana05
kirana05
19.03.2022 04:37

Аида Кауменова – әдемі, сәнді, көркем pret-a-porter de lux коллекциясын шығарушы, табысты әрі жас дизайнер. Аида 5 жылдан бері өзінің жеке маркасында (Aida KaumeNOVA) брендтті киімдер шығаруда. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шет елдерден өз орнын табуда. Аида Кауменова Талдықорған қаласында дүниеге келген, ол онда білім беру мектебімен қоса өнер мектебінде бітіріп шықты. Кейін Алматы Технологиялық университетін 1997 жылы «инженер-конструктор-модельер» мамандығымен аяқтады. 2002 жылы Италияға кетті, онда ол «Carlo Во» (г. Urbino) сән мектебінде оқып, білімін жетілдіре түсті. «Daraleque» маркасының арт-директоры және дизайнері болған. Арт-директордың мамандығынан кейін Аида «Aida KaumeNOVA» сән үйін құрды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
оффЛис
оффЛис
14.04.2020 10:53

ответ

  Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімі мен сана-сезімінен нәр алып, киелі рухани үрдістен жаралған дәстүрлі өнеріміздің ішіндегі күрделі ойлы, тоқсан толғаулысы — күй өнері. Ұлттық мәдениеттің ең құнарлы арнасының бірі болып саналатын күй өнері сан ғасыр бойы небір біртуар дарын иелерінің өміршең туындылармен толыса дамып, құйма- құлақ күйшілер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді [1]. Күй — музыкалық ойлаудың құралы, музыкалық фольклор — ол адам әлемінің оның руханилығының, көркемдік сезімінің өрнегі. Күй тілі халықтың қажетті жетістіктері, ел мәдениетінің қабаттарын сақтаушы, халықтың психологиялық рухани тәжірибесі, музыканың озық үлгілерінің негізі, осы негіз әлемдік мәдениеттің жемісі. Біздің міндетіміз атадан қалған асыл мұраларымызды оқушылардың санасына сіңіре білу. Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасында осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Н. А. Добролюбовтың «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады» — деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланысты болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал [2]. Сонда ғана ұстаз білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады. Музыкалық тәрбиенің негізі мақсаты — оқушының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескеріп, орындалатын репертуарды түрлендіріп отырып үйрету. Домбыра аспабын тартуды үйрете отырып, әрбір баланың бойында шығармашылық даралығын қалыптастыру, ол оқушының сенімін арттыру, баланың бойында жақсы бастаманың барына сеніммен қарай білу. Әр оқушының айтқан ойын, пікірін талдап, қолдау. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу, мәдениетін қалыптастыру, этика негіздерін үйрету. Оқытушы әрқашанда оқушының бастамаларын қолдап, оның шығармашылығының дамуына бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Алдымен оқуытушы балалар қалай ойнайтынын, ол күйдің немесе шығарманың шығу тарихы жайында, қай бөлігімен көп жұмыс жасау қажеттігін айтып түсіндіруі қажет. Сонда ғана оқушыға күйді немесе шығарманы меңгеру жеңіл болады. Оқытушы күйдің немесе шығарманың мазмұнына, мінезіне, түрлі орындаушылық әдіс-тәсілдеріне қарай, оң және сол қолды қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, көрсету қажет. Үй жұмысына берілген тапсырманы оқушы дұрыс үйреніп келді ме, жоқ па, орындау әдістерін көрсете ала ма, осыларға бақылау жасауы қажет. Болашақ домбырашы неғұрлым кәсіби орындаушылардың орындауындағы үнтаспаларды көбірек тыңдаса, музыкалық әдеби кітаптарды көп оқитын болса, жалпы күйді немесе шығарманы түсінуі жоғары деңгейде болады. Музыка сауаты — музыканың көңіл күйін анықтауды, музыканың көркемдік құралдарын, қарапайым түрлерін ажыратуға үйретеді. Оқытушының бірінші мақсаты күйдің мазмұнына, орындалу ерекшелігіне баса назар аудару. Оқушымен күйдің мазмұнын талдау. Оқытушы оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге көмектесуі қажет. Сабақ кезінде орындалатын музыканың мінезі, стилі, формасы, ырғақтық ерекшеліктері жайлы оқушыдан сұрау, оның шығармашылық белсенділігін дамытады. Жаңа үйренетін шығарманың бір бөлігін оқушыға өз бетімен талдауды тапсырудың маңызы өте зор. Ол оқушыға көрсетілген зор сенім. Оқушының жалпы орындаушылық мүмкіндігін өсіруде оның есіне, есіне сақтау және музыкалық ырғақтан ауытқымау қабілетін барынша жетілдіру жағына аса көңіл бөлінуі қажет. Оқушының аспапта орындау шеберлігін арттырудың бірнеше жолдары бар. Күйді немесе шығарманы алғаш үйреткенде, оқытушы басынан аяғына дейін өзі орындап беруі қажет. Мұның үлкен мәні бар. Алғашқы орындалу арқылы оқушы шығарманың жалпы мінездемесімен танысады, шығарма әуені оның музыкалық сезіміне әсер етеді.

Объяснение:

осылай ау дим

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота