Поэмадан берілген узiндi окып, негiзгi ойын анықтаңыз 1) Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт аркадан Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуi жарты адам! Иә, бiздi қайда апармак мына заман акпалы? Ұлан-байтақ жерiмiздi жарты адамдар каптады. 2) Өз халқының тiлi, дiлi - зор адами паркына, Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына? Бұл қазаққа көз өткен бе, Тiлдiң мұңын сөз еткенде Кей басшылар нак бiр жылан көргендей боп калтырар... Ұлтсыздардың бәрi - рухани мугедектер, жартылар. Дескриптор Негізгі ойды анықтай алады
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.