Поли
41. Мәтінді түсініп оқы.
113 Бір қаз өзенде жүзіп жүріп, өзіне-өзі «Мен қандай ғажап
куспын, жерде жүремін, суда жүземін, ауаға ұшамын, мен-
дей құс бар ма екен?» – дейді. Мұны Әтеш естіп, оған: «Бе-
кер мақтанасың, сен аттай шаба алмайсың: әр істі жаман
білгенше, бір істі тәуір білген жақсы емес пе?» – деді.
Спандияр Көбеев
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтінге ат қой.
• Мәтін мазмұнына қарама-қарсы пікір айтып көр.
Біз өз ана жер табиғатты сақтауға және қорғауға тиіс.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
-Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына:
-Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі:
Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.