В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
murahkina2006
murahkina2006
18.02.2023 15:25 •  Қазақ тiлi

Полиглоттар тарихынан қызықты деректер оқып, кірме, көнерген сөздер, жаңа сөздер, термин , диалект, кәсіби сөздерді табыңыдар. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген.

А.С.Грибоедов бейтаныс біреуге жазған хатында: “Менің игерген білімім славян және орыс тілін, латын, француз, ағылшын, неміс тілдерін игергенімде болса керек. Персияда болған кезімде парсы және араб тілдерімен шұғылдандым”, – дейді.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

И.Крылов Еуропаның негізгі тілдерін түгел игерген. Елу жасында ол көне грек тілінде еркін сөйлеген.

Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Белгілі қазақстандық және ресейлік тарихшы, прозашы, ақын, әлемге Шоқан Уәлихановтың есімін танытқан Сергей Николаевич Марков түркі тілдерінің көбін білген, тіпті санскритті де меңгерген.

Шотландиялық Дерик Хернинг те 22 тілде еркін сөйлейді екен. Ол 1990 жылы Брюссельде өткен “Европа полиглоты” байқауында жеңімпаз болған.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдерін сөздіксіз аударады. Өзбек, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқи алады, сөздік арқылы тәржімалайды.

Г.Бельгер: “Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі – шабытымның үш қайнар бұлағы”.Осы бөлімді қазақ халқының “Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл” деген мақалымен, А.П.Чеховтың “Бірер тіл білмеген адам өзін паспортсыз жандай сезінеді” деген қанатты сөздерімен аяқтай отырып, көп тіл игергісі келетіндерге бірер кеңес береміз.

“Полиглот” деп ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады.

кім біледі, тез тез көмектесіп жіберіңдерші, өтініш

Показать ответ
Ответ:
zabirovrobert
zabirovrobert
04.03.2021 18:26
Қожа - ұлы-өткен беделді жеңісті, қазір марқұм, Қадіра. Қожа прослыл хулиганом бүкіл мектепке. Алайда, ол үшін барлық күштердің тырысады исправиться. Бұл оған сонда әсіресе жаман кезде жанымда досым, Сұлтан, олар әкемнің емес, аз қызықты хикаялары. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан әкесіз Қожаберген ревнует анасы - жиі қонаққа, Қаратаю. Алайда, ештеңеге қарамастан, Қожа - шынайы және мейірімді бала. Бойынша аттас повесі Бердібек Соқпақбаев, жазушы. Туралы озорном және любознательном парнишке бойынша Тері, ол барлық уақытта түседі, әр түрлі күлкілі, тарих, кейде қатысты невинные, ал кейде мүлдем скверные. Бірақ тіпті ең предосудительных оның әрекеттерінде біз қиялын, ақыл-мейірімділік, оның негізін дамушы сипаттағы тікелей, ашық және батыл.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lyubaykind
lyubaykind
04.03.2021 18:26
Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты: - Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана. Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды. - Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Сауысқан шық-шық етті де, ұшып кетті. Келіп тырна қонды. - Ұзын мойын тырналар, қайыры бар мырзалар, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Тырна тыррау-тыррау деді де, ұшып кетті. Келді қаз. - Әй, қаздар-ау, қаздар-ау, сізге бар-ды наздар-ау, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Қаз қаңқ-қаңқ етті де ұшып кетті. Келді акқу. - Көлден ұшкан қуларым, құс төресі туларым, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ол да ұшып кетті. Біраздан соң қарлығаш келді. - Әй, қарлығаш, тамыр-ай, жауда болдым қалар-ай, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Қарлығаш ұшып олай кетті, ұшып бұлай кетті, ақыр қимай келіп, баланың қолына қонды. Бала ойлады: әкем тұмарымды көріп таныса да, қай елде екенімді біле алмас; бұған бір белгі салайын деп, өзінің қолын пышақпен шаншып қанатты да, қанымен тұмар үстіне түрікпен елінің таңбасын салды. Сөйтіп болған соң, тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, елінің, әке-шешесінің жерін айтып, ұшырып қоя берді. Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспармен, асқар-асқар таулармен, айдын шалқар көлдермен, батпақ-лай шөлдермен, түрлі-түрлі жерлермен; қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрінсе, таса жерді жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, неше мерзім елді өтті, нақ отыз күн болғанда, бір ауылға сол жетті, баланың айтқан аулы осы ма деп, меңзепті. Бұл ауылға келген соң, қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып, адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына ешқайсысы ұқсамайды. Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, бір ыңырсыған кемпірдің даусы шықты. Құлағын салып қараса, кемпір айтады: - Ау, шырағым-құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым шырағым! Жау алды ма білмедім, су алды ма білмедім, аң алды ма білмедім, жөнінді біліп, шырағым, құрбаның боп өлмедім, жиырма төрт ай болды, мен жалғызды көрмедім!.. Сен тұра тұр деп кемпірді тоқтатып, шал айтады: - Жалғыз біткен талшыбық, келбетің келген қарағым, бір дерегің білуге, дүниені кезіп қарадым, аш 6уpaдай жарадым, он екі мүшем секілді, аш күзендей бүгілді, таулардың насат тасындай, берік-ақ еді сүйегім, өрт шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмады, сол ғана болды-ау іңкәрім. Онда бір жас қыз бала әке-шешесін тоқтатып сөйлейді: - Нар кескен деген алмастай, асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен тұрғанда ойлаушы ем, арғымақ ат мінермін, асыл киім киермін, тең-құрбымнан ілгері, мен жарқырап жүрермін, биіктен талап тілермін, ойын-күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін. Егізімнен айрылып, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті, желкілдеп шықкан көк шөптей, жап-жас қана күнімде, міне бізден сән кетті. Әй, қартымыз, қартымыз, көзіңнің жасын тартыңыз, мен бүгін бір түс көрдім, әжептәуір іс көрдім, түсіме жору ай-ыныз: қолдан ұшкан сұңқарым, қайта қонып жүр екен, үйірден жойған тұлпарым, қайта келіп жүр екен, бірге туған құлыным, үйге келіп жүр екен. Бізге құдай берген-ді, кісі көрмес өлген-ді. Баба-түкті ІПашты-әзіз, нақ сарт болып кетпесе, хабар алып шырақтан, бір қарлығаш келген-ді... Бұл сөзді есіткен соң, қарлығаш тіп-тіке шал-кемпірдің алдына қонды. Бейшаралар жылап-сықтап тұмарды алып, таңбасынан Қара батыр түрікпенге барғанын білісті. Сонан соң ат жаратып, адам жиып, түрікпен жұртына барып, көп тарту-таралғы беріп, баласын алып қайтты дейді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота