Полилог. жағдаят екі досыңмен бірге зергердің шеберханасына келдіңіздер. Наурыз мейрамына бірің анаңа, екіншің әжеңе, үшіншің әпкеңе сыйлық алуларың керек. зергермен сөйлесіп, кеңес алыңдар. Ақылдасып, сыйлық таңдаңдар. диалог 15 -16 үнқатымнан тұрсын. Дидар: Ассаламағалейкум зергер ағай! Біз Наурыз мерекесіне арнап әжемізге, анамызға және әпкемәзге арнап сыйлық жасамақшы едік.
Асхат : Ағай соған сіздің кеңесіңіз керек болып тұр.
Зергер: Жарайсындар жігіттер, бұл істерің құптарлық.
Дәурен: Ағай мұндағы бұйымдарығыз көздің жауын алады қайсысын таңдарымызды білмей тұрмыз.
Ағай: Менің ойымша олардың жас ерекшелігіне назар аударуымыз керек.
Балалар: Иә дұрыс айтасыз .
Зергер : Әрине алтыннан жасалған бұйымдар қымбаттау болады. Сендердің қаражаттарыңыз жағы қалай ?
Балалар : Иә ол жағыда бар.
Дидар: Аса қымбат еместерін көрсетесіз бе?
Зергер: Мүмкін күмістен жасалған әшекейлерді көрсетейін.
Балалар: Иә ағай, солай дұрыс болар.
Зергер: Ал, жігіттер қараңдар. Ұнағанын таңдаңдар.
Асхат : Ағай маған мына білезік ұнады.
Дидар: мына жүзік анама жарасады деген ойдамын.
Дәурен : Ал мен әпкеме мына шашабауды алсам деймін
Зергер: Тамаша , жігіттер талғамдарың жақсы екен. Өзімде осыларды ұсынар едім.
Балалар: Көп рахмет ағай, ісіңізге Аллах тағала береке берсін. Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын.
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.