Помаги те Плутон - Күн жүйесінің сыртқы жағында айналатын ергежейлі ғаламшар.
Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынша сәйкес. Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады, яки Плутонның жылы ұзақ.
Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді.
Уранның қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зертеу жасап, Плутонды ашқан.
Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәйкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған.
1. Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
2. Нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады (3 сұрақ)
1.Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
2.Заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады және ққс есебінсіз сатып алу
3.Халыққа жолдауы мемлекеттік рәміздер қазақстан республикасының конституциясы сот істерінің анықтамалығы сайтқа кіру статистикасы бүгін кеше осы аптада өткен аптада осы дөңгелек үстел өтеді
4.Жебердім атындағы қазақ ұлттық медицина университеті емдеу факультеті факультет жайлы деканның орынбасары
5.Халыққа жолдауы мемлекеттік рәміздер қазақстан республикасының конституциясы сот істерінің анықтамалығы сайтқа кіру статистикасы бүгін кеше осы айда
Шығармашылығы
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе Османов “Ноғай уа құмық шығырлары” (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” (1896) деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.
Объяснение:
надеюсь прможет