В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
adsetafimov
adsetafimov
01.09.2020 00:35 •  Қазақ тiлi

помагите Ғаламторға тәуелділік - ғалам дерті

1-тапсырма

Ғаламторға тәуелділік

Мәтінді мұқият оқыңыз.

1Б. Мәтіннен етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Мақсатты келер шақ

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -мақ, -мек, -бақ, -бек,-пақ, -пек және -мақшы (-мекші, -бақшы, -бекші, -пақшы, -пекші) жұрнақтары

жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын. Сіз ерте кет-пек-сіз.

Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.

Мысалы: кел-мек-ші емес-пін, бар-мақ емес-сің.

1В. Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар. Сөйлемнің мағынасы өзгере ме? Анықтаңдар.

5-тапсырма. Төменде берілген тірек сөздер арқылы мақсатты келер шақта тұрған сөйлемдер құраңдар.

біз, сатып алу ол, тіл курсы, меңгеру

мектеп алаңы, тазалану мен, кітапхана, кітап оқу

сіздер, бағдарлама алмау мен, уақыт, құр кізбеу.​

Показать ответ
Ответ:
nagornayka69
nagornayka69
20.02.2022 15:54

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
marinka0810
marinka0810
29.03.2023 04:09

Мұстафа Өзтүріктің өмірі және қызметі

Бүгінгі "тарих айдынында" сұхбатымызда әлемге әйгілі спорт шебері Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке тоқталмақпыз. Қазақ десе ішкен асын жерге қоятын, ұлтжанды, дарынды біртуар азамат Мұстафа Өзтүрік Қазақстан тәуелсіздік алмас бұрын атамекенімен байланысқа еніп, онда таэквондо спортының әлемдік деңгейге көтерілуіне барын салған еді. Сондықтан әлем таэквондо ұйымының ресми сайтында ол қазақ батыры деп сипатталған. Енді Мұстафа Өзтүріктің өмірі және қызметі туралы айтып берелік.

1954 жылы Түркияның Қайсары/Кайсери қаласына қарасты Кожажылда туылған Мұстафа жастайынан оқу мен өнерге талантты еді. Сондай-ақ дене бітімі және күші қуаты да жеке күрестік спорттарға икемді еді.

Бұл қасиеттер оған аталарынан дарыған болса керек. Мұстафаның атасы Төлебай ХІХ- ғасырдың соңы мен ХХ- ғасырдың басында Шығыс Түркістанда шешендігі, қазақ-қытай тілдеріне жеттіктігі және біліктілігімен танымал болған тұлға. Төлебайдың зайыбы болса кезінде Шығыс Түркістан қазақтары арасында атақты палуан және зор күш иесі Қайысбай палуанның қызы Жәнгүдай. Міне Мұстафадағы палуандық күші осы нағашы атасынан өткен деседі.

Ал Төлебай мен Жәнгүдайдың ұлы және Мұстафа Өзтүріктің әкесі, Түркия қазақтары арасында Кәбен атымен танымал Әбдірахман Төлебайұлы болса Түркия қазақтарының көшін бастаған жетекші, палуан және домбыраны жақсы шертетін өнерпаз. Кәбеннің зайыбы, Мұстафаның анасы Рәзие де кезінде асқан сұлу және әнші кісі болған. Мұстафадағы ән мен өнерге деген талант осындай ата-анадан келген болу керек. Мұстафа 1980 жылдарда “Жұлдыздарды тілейсің бе?” деген әнді шығарған және 1987 жылы Алтай атты фильмнің сценариін жазып, бас рөлде ойнаған. Демек Мұстафа тек спорт шебері емес, сонымен қатар талантты өнер адамы да.

Мұстафа Өзтүрік Стамбұлдағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірді. Осы елде жүріп, Корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Ол жерде таэквондо спортынан үздік мәртебе алды, 6-шы дан дәрежесін иеленді. Сонымен қатар халықаралық жаттықтырушы мамандығын алды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота