В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
SleepCat12
SleepCat12
27.11.2021 05:30 •  Қазақ тiлi

ПОМАГИТЕ Берілген мәтіндегі сөйлемдердің бастауыштарын теріп жаз.

Геодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі.
«Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда, «жерді болу» мағынасын
білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде жер учаскелерін
өлшеуге, белуге байланысты пайда болғандыгының дәлелі. Қазіргі замандағы
геодезия-жерді болГеодезия - Жер туралы ертеден келе жатқан
ғылымдардың бірі. «Геодезия» деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда,
«жерді болу» мағынасын білдіретіндігі, оның адамзаттың тыныс тіршілігінде
жер учаскелерін өлшеуге, белуге байланысты пайда болғандыгының дәлелі.
Қазіргі замандағы геодезия-жерді болу мағынасы шеңберінен әлдеқашан
шыккан, күрделі ғылыми, ғылыми- техникалық және инженерлік мәселелерді
геодезиялық, т.б. да аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу
нәтижелерін математикалық-графиктік өндеу арқылы шешетін жан-жақты
ғылым саласына айналып отыр. Сөйтіп, геодезия - Жердің пішіні мен көлемін
анықтауда, оның жекелеген бөліктерін планға, картаға түсіруде, жердің
қималарын (профильдерін) жасауда, инженерлік жүмыстарды жобалауда,
жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу әдістері туралы
ғылым. Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола түрса да, адамзат
қоғамының, ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты өзінің
мазмүнын өзгертіп отырды. Соның нәтижесінде геодезия бірнеше дербес
ғылыми және ғылыми-техникалық салаларға бөлінді.
Жоғарғы геодезия
Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін
зерттеу, сондай-ақ геодезиялык негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі
міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін жүргізілген
егжей- тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық астрономия,
геодезиялык гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке пәндер бөлініп
шықты.
Геодезиялык, астрономия - геодезиялык тірек жүйелерін құруда аспан
шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді
анықтау мәселелерімен шүғылданады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық
күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен
айналысады.
Ғарыштың геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті
нүктелерінің геометриялық аракатынастарын зерттейді.
Геодезияның (топографияның) еншісіне жер бетінің шағын аймактарын
жазықтык ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу тиген.
Картография
Картографияда жер бетінің едәуір аймақтарының кескіндерін әртүрлі
мақсаттағы түрінде жасау әдістері мен процестері және көбейту
технологиясы зерттеледі.

Аэрофототопография
Аэрофототопография - аэросуреттер бойынша топографнялық карталар мен
пландар жасау әдістерін зерттейді және жетілдірумен шұғылданады.
Қолданбалы геодезия
Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды
салу және пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат
байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын
геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы
геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де
негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен
аспаптарын қолданады.
Жоғарғы геодезия - жердің және планеталардың фигуралары мен
көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялык негізгі тірек жүйелерін құру
жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия мәселелерін шешу үшін
жүргізілген егжей- тегжейлі зерттеулер барысында одан геодезиялық
астрономия, геодезиялык гравиметрия, ғарыштық геодезия сияқты жеке
пәндер бөлініп шықты.

Показать ответ
Ответ:
gerasimooffq
gerasimooffq
26.06.2020 08:54
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.[1]

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.[2]

Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді. "Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар -деп мақалдап та жүрдік. Коммунистік партия еңбекке тәрбиеледі, әсіресе қара жұмысшының еңбегін жоғары бағалады. Содан болар ауырдың үсті, жеңілдің асты деген сөз тіркестері тәрбие барысында жиі қолданатын. Ерікті ел боған кезде, Қазақстанның жетістіктерін шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді. Асық ойыны туралы қазіргі қарттардан сұрастырып көрсек. Нақтылы талдап айтып беретін адамдар аз. Қытайдан келген азаматтардан сұрастырып көгенде де мардымды жауап ала алмай жүрмін. Ол жақта тұрмыс ауыр болды асық ойнап қызық куатын уақыт болған жоқ дейді. Орыс тілді азаматтар "Алчики" деп асық ойнадық деп еске алады. Шеңберге асық тіземіз де, сақамызға сым орап ауырлатып алып көздеп ататынбыз дейді. Онысы рас қала балалары ойлап тапқан "Алматинка" немесе "Шымкент" деген ойын түрлері 1970 жылдары пайда болды. Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды. Бұған келісе қойған жөн болмас. Тар жерде ойналатын. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары. Сақа арқардың асығы болуы шарт. Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы. Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады. Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары "қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын. 60-70 жылдары ойнаған ойынымыз "Өріс" деп аталатын еді. Кең далада ұзындығы 20 метрден кем болмайтын. Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнағанға не жетсін. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнасаң да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен -құрдас бір- біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді. Міне асық ойынының кереметі деп осыны айт! Қабден Дүйсенбайұлы. Семей қаласы.
0,0(0 оценок)
Ответ:
лисичка132
лисичка132
22.10.2021 05:16

Түйелер (лат. Camelus) – сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 – 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 – 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет.

Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота