Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда". Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
Алматы - Іле Алатауының бөктерінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан Қазақстанның ең ірі қаласы. Алматы, енді республика астанасы болмағанымен, қала Орта Азияның қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы болып табылады. Мұнда, көптеген бизнес орталықтары, театрлар, мұражайлар, көркем галереялары, көрме залдары бар. Алматы тамаша Тянь-Шань тауларымен қоршанған. Қаланың мақтанышы ол - 28 парк гвардияшыл - панфиловшылар көшесі, ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы, А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері мұражайы болып келеді.