(помгите Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады. Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды. Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады.
Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама- қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді.
Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме - дәл жазылған тарихы деп қарады.
Руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поээзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.
көтерілген мәселе
себебін анықтайды
менің пікірім
Роботтар адам орнын алмастырады.
21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол - адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.
Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты.
Техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қазіргі уақытта адам орнын толықтай алмастыра алатын, тіпті адамдармен толыққанды диалог жүргізіп, бала күтімінде де қолданылатын роботтар шығарылуда.
Робот - техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот - техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.