А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық
Баяғы өткен заманда орманда құрғақшылық болыпты. Жаз келсе де бір тамшы су жаңбыр жаумапты. Шөлден азап шеккен жануарлар бір шарасын ойлап табуға жиналыпты. Сөйтіп, араларындағы біреуінің ұсынысымен құдық қазуға бел буыпты. Барлық жануарлар тіпті құстарға шейін күндіз-түні еңбек етіп құдық қазуға кірісіпті. Бірақ араларындағы қоян ғана: «Мен әлі кішкентаймын!»,- деп жалқауланып жұмыс істегісі келмепті. Қоянның бұл еркелігі өзге жануарлардың ашуына тиіпті. Сөйтіп жануарлардың еңбегі босқа кетпей, қазған құдықтарынан мұздай су шыға бығыпты. Мұны көрген олар қуанып, суды қанып ішіп, әрі жуыныпты. Ал құдықтың қазылуына көмектеспеген жалғыз қоян ғана су іше алмапты. Орман патшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті. Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты. Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.