Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.
Жизнь без матери - потухший уголек.
2.Ағайын – алтау, ана – біреу.
Родни много, а мать – одна.
3.Ананың көңлі балада, баланың көңлі далада.
Мать думает о ребенке, ребенок об играх.
4.Өз шешең – бауырсақ, өгей шеше – сарымсақ.
Родная мать словно сладкий бауырсак, мачеха – горький чеснок.
5.Баланың жақсыны сүйініш, жаманы – күйініш.
Детки хороши – отцу-матери венец, детки плохи – отцу матери конец.
6.Анаға баланың алалығы жоқ.
Матери все дети равны, одинаково сердцу больны. (дороги)
7.Таза сабаның қымызын іш, мейірман ананың қызын ал.
Пей кумыс из чистой посуды, женись на девушке, мать которой доброжелательна.
8.Күннің шуағы – жылы.
Ананың құшағы – жылы.
Солнечные лучи - теплы
материнские объятия -теплы
Ана туралы.