Превод
1)құсбегілік көңілді, әсерлі, қызығы мол демалыс саналсын!
2)《құсбегі》 деп аңдыаулау мақсатымен бүркіт, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйрететін айтсын!
3)құс салуға бірнеше кісі бірігіп шықсын!
4)қыран ұстаған құсбегі биіктеу жерге барып тұрсын!
5)қалғандары дабыл қақсын, аң мен үйрек-қазды үркітсін!
6)құсбегі оларды көре салып, қыранның томағасынағытып, ұшырсын!
Актердің шеберлігі - оның таланты мен кәсіби тәжірибесі.
Алматыдағы Әуезов атындағы театр тарихы жүз жылға жуық.
Бүгін театр маусымының үздік қойылымы (үздік қойылым) өтті.
Режиссер спектакль үшін сценарий құрды.
Астанада Горький атындағы драма театры бар.
Қазір театрларға қарағанда кинотеатрлар көп салынып жатыр.Астанада опера және балет театры 2013 жылы ашылды.
Режиссер-аялдама
(қоюшы-режиссер)-Бұл кинематографтағы қандай да бір жобаның көшбасшысы.
Қазір гримерлік өнер (гримдеу өнері) үлкен сұранысқа ие.
Ол басты рөлге тырысты.
Еуразия халықаралық кинофестивалі 1998 жылы құрылды.
Объяснение:
18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Қазақ хандығының ішкі жағдайы Өңдеу
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».