Прочитать текст и выполните задания. Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымды жұрт өмір
сүріпті. Жағалары жайлауда, жандары рахатта тамаша ғұмыр кешіпті. Шұрайлы жерден
Қоныс алған, малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарының «Бізде барлығы да бар. Тек
сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана арманы болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-
жұрты үлкен той жасайды. Сол бала жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-
туысқандары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай
атап кетеді.
Күндердің бір күнінде жерге бір тамшы жаңбыр жаумай, қуаңшылық тартып, ел
күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен мұндай ауыртпалық Толағайды да қатты
мазалапты. Сонан соң Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып ақыл сұрапты. Сонда
қарт: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ.
Жаңбырдың болмауы сол себептен», - дейді. Бұған Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен
барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма?» – деп тіл қатады. Сонда қарт:
«Шырағым, Толағай, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай болмас,
дегенмен, ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың
ақсақалы бар. Рұқсатты сонан сұрайсың», - деп батасын береді.Сөйтіп, Толағай сапарға шығып, арада ай, жыл өткенде ақ басты Алатауға жетіпті.
Ақсақалға «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріп, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз
Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға
арқалатып қоя береді. Ол алғашқыда аяғын ширақ басқанымен, иығына түскен салмақ
еңсесін езіп, бірте-бірте әлсірете бастайды. Арада көп уақыт өтеді. Арқасында тау,
әлсіреген, қансыраған Толағай елінің шетіне іліге бере, тізесі бүгіліп құлап түседі де
ұйқыға кетеді. Арқалаған тауы батыр жігіттің үстінен басып қалыпты. Сонан бері Толағай
батыр күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр екен, ал тау Толағай деп аталып
кетіпті.1. Арқаның бел ортасында тұрған қауымның қандай арманы болған?0 чем мечтали
жители Арки
[1]
2. Толағай елі үшін не істейді?Что сделал Толагай для своего народа?
[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?Какой из пословиц
можно озаглавить текст.
А) Ел іші - алтын бесік.
В) Ас адамның арқауы.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жжазыңызК данным словам найдите
пословицы из текста.
а, ел
в. Ержүрек, батыл
с. Ата, қария
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. Распределите события из текста по
очередности (1)Реті
Оқиғалар
Толағай тауды
еліне арқалап келе жатып, тізесі шалынып құлап түседі.
Алтын айдарлы ұл, Толағай, дүниеге келеді.
Сонан бері Толағай батыр күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап
жатыр екен
Жаңбыр жаумай қуаңшылық болады.
Жазылым
Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, 1 мамыр Бірлік күнімен
құттықтап досыңызға хат жазыңыз (70-90 сөз). Используя глаголы напишите письмо
поздравление другу на 1 мая.
1. Олар өздерінде батыр болса және жануарларды қорғайды деп армандады
2. Барып, бір жерден тау әкелді
3.Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі
4. а) ел, халық
б) Ержүрек, батыл, ештенеден корықпайды, батыр
в) Ата, қария, қарт
5. 1)Алтын айдарлы ұл, Толағай, дүниеге келеді
2) Жаңбыр жаулмай қуаншылық болады.
3)Толағай тауды еліне арқалап келе жатып, тізесі шалынып құлап түседі
4)Сонан бері Толағай батыр күні бүгінгі дейін тау астында ұйықтап жатыр екек
6.