Прочитай текст,озаглавь его.Составь вопросы к тексту. Кітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар, көркем әдеби кітаптар сыйлауға болады. Кітап қай заманда да болсын өте жақсы сыйлық болып қала бермек
Даңққа бөленген әртіс әр уақытта ата-анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші олардың бейнесін суретте мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ата-ана барлық адамның және бүкіл дүниенің символы.
Ата-ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, король немесе қайыршы бодсын - бәрібір сүйеді, ата-ана үшін - бұл менің ұлым-қызым деген қарапайым да жоғары, қастерлі бір-ақ ұғым.
Ата-ана балаларын өсірді, оған өмір берді, өз өмірін де соған арнаған. Оар баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады - бәрін де, барлық істе де олар сонымен бірге. Ата-ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді жігерлендіреді.
Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.