Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.
1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.
Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған.
Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.
1945 жылдан бастап Семей жерінде ядролық сынақтар жүргізіле басталды. 40 жыл жүргізілген сынақтар жергілікті халық денсаулығы мен өңір табиғатына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен тоқталды. Бұл күнде полигон жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден туристер көптеп ағылады. 2001 жылы 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы – Шота Уәлиханов.
Бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Абай мен Ф.М. Достоевский мұражайлары, Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан.
бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Объяснение:
Осы жерде күрделі сөздер бар