Псырма. Сұрақтарға жауап бер. Сұрақтарды пайдаланып, диалог
құрыңдар.
1. Үйде суды неге пайдаланасың?
2. Сен суды қалай үнемдейсің?
. Үйде қандай суды пайдаланасың, тазартылған су ма элде ағын су ма?
3. Сенде аквариум бар ма?
4. Сен үйде аквариумдағы балықты ұстағың келе ме?
«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Белкотерер- жасы келген адамдарды қонақ ету. Ол адамдарға дәмді тамақтарды әзірлейды, ал ең бастысы- жұмсақ тағамдар, мысалы, қазы, қымыз, ірімшік және т.б. Ол дәстүрлі сол а немесе жақындары, тіпті көршілері де жасайды. Белкотерер салты жасы келген үлкен адамдарға құрмет көрсетудің үлгісі ретінде қолданылады.
Той дастарқан- Мейрам той немесе сол уақыттагы маңызды жайт. Мереке кезінде түрлі ойындар, әндер, билер, айтыстар өткізіледі.