Публицистикалық мақаладан стильдік сәйкессіздік кездесетін сөйлемді анықта. Түркі халықтары бірнеше тіл топтарына бөлінеді, оның ішінде ең ірілері әрі белгілілері: қыпшақ тобы, оғыз тобы, бұлғар тобы және сібір тобы. Географиясына және тілдің құрамына қарай қыпшақ тілдері келесі тармақтарға бөлінеді: Батыс қыпшақ тілдері – құман, яғни қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық тілі, қырымтатар тілі, армян-қыпшақ тілі; Қыпшақ-бұлғар тілдері - башқұрт тілі, татар тілі; Қыпшақ-ноғай тілдері - қазақ тілі, қарақалпақ тілі, ноғай тілі. Қырғыз-қыпшақ тілдері - алтай тілі, қырғыз тілі. Қыпшақ-ноғай тілдерінен бастау алған қазақ тілі – асыл сүйегі, табиғи болмыс-бітісі, тума қасиеті тұрғысынан алғанда, әлемдегі ең бай, ең әсерлі, ең оралымды, мағынасы терең, қуаты зор, әуезі сұлу, түрлену, жетігу, даму мүмкіндігі шексіз, ғажайып сырлы тіл екендігі баршаға аян. Қашанда, тіл ұлттың тұғыры екендігі даусыз. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, тіл – халықтың мәуелі бәйтерегі болып қала береді, бермек те... Бірінші және екінші
Бесінші және бірінші
Үшінші және төртінші
Үшінші және екінші
Екі жарым сағат жол шығысқа, біз дерлік келді, бірақ алда даласы мен ештеңе предвещает жақын каньон.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер