Ас - адамның арқауы Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.
Денсаулық зор байлық. Адам өз денсаулығын бағалай білу керек. Зиян іс-әрекеттерден аулақ болған жөн. Бізді уақыт күтпейді, біз уақыттың қалай өткенін, тіпті уақыт қана емес, өміріміздің қалай өткенін де байқамай қалуымыз мүмкін. Сондықтан компьютердің алдында ұзақ отырып, оған тәуелді болып қалмайық, достар. Өмірде достармен жүзбе- жүз кездесіп, достық қарым-қатынаста болған қандай керемет. Бір-бірімізден жақсы әдеттерді үйреніп, мінез-құлқымызды жөндеп, сөздік қорымызды байытар едік. Ал, интернеттегі қарым - қатынас тіпті ондай емес.