Әр баланың үлгі тұтатын бір адамы болады. Менің де өзіме ұнайтын, еліктейтін адамым бар. Менің оған ұқсағым келеді. Ол кісі - менің ұстазым, Шекер ағай.Ұстазымның бойында жақсы қасиеті көп: біріншіден, ол – өте білімді, ақылды адам. Менің ұстазыма қандай сұрақ қойсаң да жауап береді. Маған мұғалімімнің сабақ түсіндіргені қатты ұнайды. Екіншіден, ол кісі мейірімді, қамқор адам. Ол кісі біздің әкеміз секілді: барлық оқушыны өз баласындай жақсы көреді. Үшіншіден, Шекер ағай – адал, әділ кісі. Ол кісі – үлкен құрметке лайықты ұстаз. Мен оны мақтан етемін. Задание к тексту. Найдите в тексте слова с окончаниями Барыс септік и выпишите.
ответ ученика (-цы)
2) 3)
Қыс - ең суық жыл мезгілі, сондықтан адамдардың киген киімдері сәннен бұрын жылы болуы тиіс. Қысқы киімдер қатарына: бас киім, күрте, қолғап, етік және тағы басқалары жатады. Бас киім тек қана басты жылытып коймай, сонымен бірге құлақты да суықтан қорғайды. Күрте - дененің 70 пайызын жабатындықтан, ол міндетті түрде табиғи материалдардан жасалғаны абзал. Қолғап - қолдың тоңбауымен қатар, терінің құрғауынан сақтайды. Етік - адам денесінің температурасына толығымен әсер етеді. Жылы әрі сапалы етік киген адамның денесі еш уақытта тоңбайды.