Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық сән палатасының атқарушы директоры. «Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.
Дизайнерлік салада жүргеніме отыз жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл жиырма алты жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететінін дәптерге түсіргенді ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым».
Берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңды жоспарлау дұрыс деп ойлайсың ба?
Ойыңды үш-төрт сөйлеммен сауатты жаз.
Вот я это делала 2 продолжение