«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.Ержеткен соң да, мекбеті мен ұстазын қимайтын оқушылар да кездеседі. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, үлкен азаматтар қатарына қосылғаннан кейін де ұстаздарын іздеп келіп жататындар да аз емес. Бұның барлығы ұстазға байланысты. Кейбіреулеріне ұстаз анасындай болып кетеді. Ал ана әрбір а қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз. Ұстазға әрдайым жылы жүз бен мейінбандылық тынытып, сыйлап құрметтеу – біздің парызымыд. Ұстазға қандай құрмет көрсетсе де аз емес. Сондықтан да ұстаз деген ұлы есімді мәңгілік қастерлеп өтемін. Мағжан атамыз айтқандай, өмірдегі қадірлі орын – мұғалімдікі. Мен өзімнің сүйікті ұстазыма шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына амандық, мықты денсаулық тілеймін.