Достық шын немесе өтірік деп бөлінбейді,ол шын болса дос,өтірік болса дос емес.Достар өзара міндет те бөліспейді,міндет бөлісу деген,ол есеп,контракт сияқты ұғымға саяды,олай құрылған достық достыққа жатпайды.Ол жай ғана жолдастық )болады.Достық деген ол ой пікірлері,мақсат-мүдделері,адамгершілік қасиеттері бір жерден шығатын,бірінің жоғын бірі толтыра алатын,бір-біріне тұрмыстық кіріптарлығы жоқ,бірі үшін бірі ауыратын,алыста жүрсе де әрдайым жаныңнан табылатын адамдардың өз ара одақтастықтары.Өмірде шынайы достық болады және бар.Өзімнің досым бар,сондықтан да батыл тұжырым айтып отырмын.Айгерім,сен әлі жассың,Сондықтан достықтан көңілім қалды деу ерте саған.Қазіргі дос санап жүргендеріңнің көбі жолдастар,ертең екшеле келе жаныңда шын досың қалады.Саған досты танытатын өмір әлі жете қойған жоқ,сондықтан сабыр ет.Сенің жақсы дос бола алатындығыңа сенімдімін,оны сұрағыңнан таныдым.
Менің сүйікті фильмдерім өте көп, бірақ менің жүрегімді аялатқан және тербеткен Роза мен Джектің махаббат хикаясы, яғни Титаник атты көркем фильмі. Осы фильм көптеген биік белестерден көрінген, кинофильм тарихында зор рөль атқарған тамаша өнері. Мұнда Леонардо де Каприо басты рөлдерде ойнап, өзінің міндетін өте жақсы атқарып, нағыз кәсіби шеберлігін көрсеткен. Ал Кейт Уинслет Роза деген персонажды ойнап, ол да Джектен артта қалмаған. Жалпы осы фильмді ұнататын себебі де осы әртістердің шеберлігі мен өте тамаша құрылған сюжеті.