Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген. Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық-зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу. - 1-тапсырма. Сөйлем мазмұнына й көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. (пайдалы, қызығушылығын ояту,орындау керек ) Денсаулық жақсы болу үшін адамдар төрт шартты орындау керек. Спорт денсаулыққа Балалардың спортқа деген ояту үшін мектепте аптасына үш рет дене Шынықтыру сабағы енгізілді. 36 2- тапсырма. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды белгілеңіз. SOS. Шын Жалға No Ақпараттар 1. Аптасына бес рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. 2. Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. 16
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған. Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.