Қонақ – үйге келген мейман. Танымайтын кісі “құдайы қонақ”, әр түрлі тілеулестікке, тойға шақырылған мейман “арнайы қонақ” болып саналған. Халықтық ғұрып бойынша, келген адам үйге баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген адам әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде қонақтар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Қымыздан кейін ет ұсынылады. Құдайы қонақ түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қонақты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда қонақтың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса, онда қонақты қуғанмен бірдей саналады.[1]
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Танымайтын кісі “құдайы қонақ”, әр түрлі тілеулестікке, тойға шақырылған мейман “арнайы қонақ” болып саналған. Халықтық ғұрып бойынша, келген адам үйге баса-көктеп кірмей, сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген адам әуелі шаңыраққа сәлем беріп кіруі керек. Түсте келген қонаққа түстік, кешке келгендерге қонақасы берілген. Үлкен ас кезінде қонақтар төрден есікке қарай, жасының үлкендігі мен мәртебесіне байланысты орналасады. Қымыздан кейін ет ұсынылады. Құдайы қонақ түскен үйде отағасы жоқ болса, астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген. Қонақты қарсы алған отағасы есік ашып, алдымен оны кіргізеді, шығарып саларда қонақтың өзі ашуы керек. Үй иесі ашса, онда қонақты қуғанмен бірдей саналады.[1]