В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
QFARRO
QFARRO
29.05.2022 22:57 •  Қазақ тiлi

Решите по казахскому сверху начиная. ​

Показать ответ
Ответ:
www6363901fs
www6363901fs
19.10.2020 00:00

Туған өлкеммен мақтанамын

Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, а үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған-туыс, жора-жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті, Бойыма күш — жігер нәр алдыртты

0,0(0 оценок)
Ответ:
darialitvinenko
darialitvinenko
21.07.2021 19:14

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Табиғи  ресурстар    бұл  адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.  4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.  Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды.Су қорларын пайдаланудың  жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

Осымен, қортындылай келе біз табтғат ресурстарын тиімді пайдаланып, елімізде бар байлықтарды текке шашпаныздар дегіміз келеді. Табиғат біздің екінші анамыз! Сол себепті табиғат ананың бізге сыйға тартқан асыл байлығын тиімді пайдаланып,келесі ұрпаққа саф күміс қазынадай қалдырайық! Өз елімізде табиғат ресурстарын тиімді өндіру ақсақ болып тұр. Сондықтан,осы жұмысты игеретін мамандар иелерінің шығуына көптеп көңіл бөліп,қолға алғанымыз жөн. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған  гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.Қолда бар алтынды қадірлей білейік!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота