Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қаламызда өтетін дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін жаңа хобби таба аласыз. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны: 2020 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы және «Алтын алма» атты Орта Азиялық дәстүрлі қолөнер көрмесі.
Тапсырма:
Мәтіндегі негізгі ой қандай? Негізгі ақпараттарды қамтып отырып, түйінді ойды 3 сөйлеммен ғана жазыңыз.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.