Робот роботович я умалаю тибя не удалай *Қазақ тілі.* Оқушының аты-жөні
*2-тоқсан*. *Тоқсандық жиынтық бағалау*
Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.
Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең уақыт
Берілген кедей-байға да.
Өмірдің – уақыт бөлшегі,
Тұрмайды күтіп ол *сен* і.
Уақытты босқа жеп жатқан,
Іздеп тап артық нәрсені...
Әдемі сағат таңдайсың,
Көресің ұстап әрқайсын,
Он сағат сатып алсаң да,
Уақытты сатып алмайсың.
Бұл өмір деген ─ *қас*-қағым,
Өтер де кетер *жас* шағың!
Сыйлатқың келсе өзіңді,
Уақытын сыйла басқаның...
Жаныңа шуақ нұр беріп,
Қуантты бүгін кім келіп?
Жазып жүр жақсы нәрсені,
Бүгіннен бастап күнделік.
Бұл уақыт деген шынымен,
Өлшенбес сағат *тіл* імен.
Өлшенер уақыт – іспенен,
Не істедің бүгін *күн* імен?!
Дүбірін сезіп *алыс* тан,
Заманмен мынау жарысқан.
Уақытын дұрыс жұмсайтын
Адамдар ─ нағыз данышпан!
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...
*1-тапсырма.* Жоғарыдағы Алмас Темірбайдың өлеңін мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. «Уақытты пайдаға жарату» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Уақытты босқа жеп жатқан қандай нәрселер?
3. Адамға күнделік жазу керек пе, қалай ойлайсыңдар?
4. Өлеңге қандай ат қояр едіңдер?
5. Уақыт не себепті іспен өлшенеді?
6. Қандай адамдарды данышпан дейміз?
7. Сендер үшін уақыт қымбат па? Не себепті?
8. Уақыттың қадірін білген қазақтан шыққан ұлыларды ата.
*2-тапсырма.* Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің омоним екенін дәлелдеп, олардың омонимдік қатарын тауып жазыңдар.
*3-тапсырма.* Мәтіндегі *өмір, заман, қымбат, әдемі, жүйрік* сөздерінің синонимін тап
*4-тапсырма* Өсімдіктердің адамзатқа пайдасы (эссе)
1)Көлдің пайда болуы туралы қандай аңыз бар?
1)Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.
2)Жиі айтылатын аңыз кімдер туралы?
Батырлар туралы аңыздар.