Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. Анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Себебі "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды".
Егер әлемде жалғыз жақсы адам болса, мен ойланбастан: "Ол-менің анам" дер едім. Менің анам сондай - жүрегі мен дегенде лүпілдеп, мейірімі көзінен де, ісінен де, сөзінен де төгіле түседі. Оның айтқан әрбір сөзі мені қанаттандырып, мәңгі балалық шақта, кішкентай бөбек болып қалардай сезімге бөлейді. Анам маған әрдайым нәрсенің жақсысын беруге тырысады. Ол өзін ойламайды ма деп кейде ойға батамын. Бірақ ана шіркін көңілі кең даладай дарқан. Әр баласына жалғызындай қарап, әрбірінің көңілін табуға ұмтылады. Егер дүниеде "аналар" болмаса, бәлкім татулық, мейірімділік атаулы болмаушы ма еді...
Ана туралы