Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден – бір орын – театр. Театр- өнеге көзі, тәрбие ошағы. Қазақ сахнаны киелі санайды. Бүгінде ірі қалалардың бәріне театр бар. Театр, бір жағынан, өнер, екінші жағынан , адам өмірінің сан алуан қырын шынайы бейнелейтін алаң.
Театр адамның ой – санасын жетілдіреді, өмірдің мұңды , қызықты сәттерін көрерменге жеткізеді.
Единственное место духовному совершенству и культурному росту – театр. Театр-источник искусства, очаг воспитания. Сегодня во всех крупных городах есть театр. Театр-это, с одной стороны, искусство , с другой-площадка, которая реалистично отражает все многообразие человеческой жизни. Театр совершенствует мышление человека, передает зрителю мрачные, интересные моменты жизни.
Жазылым/Письменная работа.
Жазылым.
Мәтін мазмұнына байланысты 3 сұрақ құрастырыңыз. / Составьте 3 вопроса, связанных с содержанием текста.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен а үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – к ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.