Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген. Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін – кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.
«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-
сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.
«Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.
Стильдік ерекшеліктері қандай?
Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі?
Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай?
Мәтін қалай рәсімделген?
Мәтіннің жанры қандай?
дайте ответ
с казахским
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Орхон
өзені бойының жанынан орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34,
қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттері мен
қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19
ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі
құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді.
1893 жылы 25 қарашада Дания ғалымы В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін
оқудың кілтін тапты. Содан кейін орыс академигі В.В.Радлов мәтінді зерттеді. Осы
зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік
істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов , С.Е.Малов, қазақ
ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон
жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи
тұрғыдан зерттеді. Күлтегін ескерткішінің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі
«үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлар түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын бейнелеген. «Күлтегін батыр жайындағы бұл
екі дастанның да авторы аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ
тегін . «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан
тұрады. Бұл жыр алты оқиғадан құралған.
«Ер есімі- ел есінде» дегендей, бұл ескерткіштің көшірмесі Нұр-Сұлтан
қаласындағы Гумилев атындағы университетінің алаңында орнатылған.
1. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.
2. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге синоним сөздерін табыңыз.
3. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
4. Қазақ жазуының даму тарихы туралы пікіріңді білдір.
Экспо - 2017 көрмесі - елдіктің ерен жеңісі.Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.