Құс атаулының жартысына жуықы сайрауық құстар тобы- на жатады. Құстардың көбі қонақтап отырып сайрайды. Ал
босторғай ұшып жүріп, уақыт талғамай сайрайды, сондықтан
оны «ұшқыш әнші» деп те атайды.
Әжуан деген құс өзіне тән даусымен күн демей, түн демей сайрай береді.
Сондай-ақ ол басқа құстардың даусына еліктейді. Тіпті мәшиненың гүрілін
иттің үргенін салатын шеберлікі де бар.
«Жануарлар, құстар, жәндіктер» кітабына
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.