С D) оқылым
5-тапсырма. Мәтінді оқы. Ақпараттардың бүгінгі күнге
қажеттілігін талда.
Дағды мен ишара
Арқаға қағу бір адамға риза болу, ісін мақұлдау, қолпаштау
мағынасын білдіреді. Бұл
«рақмет, бәрекелді, жарайсың» де-
ген сөздердің орнына қолданылатын алғыс белгісі.
Алақанын уқалау бір іске құлшынысты білдіреді. Адамдар
іске ынталана кіріскенде, алақанын уқалайды. Алақанына түкі-
ру де осыны көрсетеді.
Бармақ көрсету. Ісі оңынан келген, жолы болған адамдар өзі-
нің көңіл күйін осындай белгі арқылы білдіреді.
Бармақ тістеу. Бұл дағды амалы құру, шарасыздық таны-
ту мағынасын береді. Халық өкінішті, шарасыздықты айтқанда
«бармағын тістеп қалды» дейді.
Бетін басу ұялған адамның іс-әрекетін білдіреді. Ұятты бол-
ған адамдар екі қолымен бетін басып, жұртқа қарай алмайды.
Жайшылықта бетін басу
жаман ырым.
Бүйірін таяну. Бұл — жаман ырым. Әдетте қайғы-қасіретке
ұшыраған адамдар екі бүйірін таянады да, дауыс қылады, жы-
лайды. Осыған сәйкес жастарға «бүйіріңді таянба» деген тыйым
айтылады.
Бөркін аспанға ату – қатты қуану, шаттану дағдысы. «Бөркін
аспанға атып қуанады» деген сөз осыдан шыққан.
Жағасын ұстау. Бұл қатты қорықты, шошыды дегенді
білдіретін ұғым.
Жағын таяну. Бұл — торығу, қамығу, мұңаю белгісі.
Жұдырық түю – «Көресіні көрсетемін» деген күш, сес көрсе-
тудің нышаны.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарыкітабынан)
Ақпараттың бүгінгі күнге қажеттілігі
Қол алысу және іс қимылдар арқылы не сезініп ,не жасағың келіп тұрғанын білдіру қай заманда болмасын өзекті болып келеді .Дегенмен қазіргі жағдаймен мұны салыстырғанда бұл яғни қол алысу қауіпті болуы мүмкін .Сол себептен мимика арқылы өзіңнің сезіміңді білдірудің басқа да жолдары пайдаланылып жүргені белгілі
Объяснение: