Ақ аю (лат. Ursus maritimus) - аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі; кейде Thalarctos туысына жатқызады. Дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалын. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған. Арктика фаунасы: Солтүстік мұзды мұхитының жағалауларында және суда жүзіп жүрген мұздарды паналайды. Жақсы жүзіп сүңгиді. Негізгі қорегі итбалықтар. Төменгі температураға бейімделген (тері асты майы жануар салмағының 40% жетеді). Ұлуғу әдетте наурызда-сәуірде өтеді жүкті ұрғашылары арктика аралдарындағы апандарда қыстайды (қысқы ұйқы). Қоңжықтары екі жылда бір рет желтоксан-сәуірде туады аналықтары коңжыктарымен апаннан шығып еркін өмір сүреді. Қоңжықтары аналарымен бірге бір жарым жыл болады. Ақ аю терісі мен етін пайдаланады. ТМД 1956 жылдан бастап аулауға тиым салынған. 1976 жылы ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Әр түрлі деректер бойынша ақ аю саны 10-20—ТМД-да 5-6 мың.Бұл аюлар күніне 25 кг астам ет жей алады.
Аюлар (латынша Ursidae) — сүтқоректілердің жыртқыштар ретіндегі отбасы. Аюларөсімдікте, етте жейді, олар жақсы қыртыстарға мініп, тез жүгіреді, суда жүзе алды, және артқы аяқтарына тұрып бірнеше қадам жасап жүре алады. Оалрдың терілері қалың, және қорғалған, құйрықтары қысқа, және иіс сезу мүшелері жақсы дамыған. Олар кешкі уақытта немесе күн шығысында аң аулайды. Әдетте аюлар адамдардан аулақ болуға тырсды, бірақ адамдарға үйренген жерлерде әсіресе полярлы аюжәне гризли. Аю араның шағуынан қорықпайды, себебі оның қалың жүні араның шағуы үшін аз сезімтал, бірақ мұрыны аралар шағуына сезімтал. Табиғатта табиғи жаулары жоқ.