В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Kotazzz
Kotazzz
20.04.2023 12:42 •  Қазақ тiлi

с казахским I. — Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы,
бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз
салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін? . деді садақ ұстаған жігіт. —
дал болдық... — Ойбай... Әне... Тағы келді, — деп сөзін жалғастырды жігіт. — Аждаһа
Күлән деген... жесір әйелдің... үйінің жанындағы... суы тартылып кеткен... ескі құдықтан
шығады.
Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа
қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты
Жiгiт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы
тұр екен. Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез
Қылышын көтерді.
Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп
алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді.
- Ағарған әкеліңдер! — деді сосын одан отты жанарын алмастан...
Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан
қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді.
Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады»да кері бұрылып,
ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты
қуанды.
ІІ. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһа қайта оралмады. Ауыл
адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер
батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң
тізгінді босатты...
Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық
байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан
ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс
сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі
жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл
жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсінер
дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан
ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген
сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сәл иіп сәлем берді:
- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының
алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл
жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына
байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға
жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен.
«Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.


с казахским I. — Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы,бота, тайды

Показать ответ
Ответ:
NoAl3
NoAl3
17.02.2022 08:49
--Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
--Наурыз мерекесі көктемде тойланады.
--Наурыз қандай мереке?
--Наурыз көңілді мереке.Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.Наурыз достықтың, бейбітшіліктің мерекесі.
--Бұл мерекеге адамдар қалай дайындалады  ?
--Бұл мерекеге адамдар әртүрлі тағамдар дайындайды.Дастарқанның басты тағамы Наурыз көже.
--Мерекені адамдар қалай тойлады?
--Бұл мерекеге  киіз ұйлер құрылады би биленіп, ән шырқалады.
--Саған Наурыз мерекесі ұнай ма ?
--Маған Наурыз мерекесі өте ұнайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
7515575
7515575
25.05.2021 05:50
Қазіргі өмір өте тез жүреді, адамдар көбінесе тамақтануға уақыт жетіспейді. Және, әрине, олар тамақ дайындауға аз уақыт алады. Көптеген адамдар тез тамақтану бұл жағдайда жақсы шешім деп санайды. Сондықтан тез тамақтану желілері соншалықты танымал болды. Олар әдетте құрамында француздық картоп, гамбургер, сэндвич, салаттар, сүт тағамдары, торттар және т.б. бар қарапайым мәзір береді. Мүмкін, Fast Food мейрамханаларының ең танымал желісі - McDonald's. Бұл орын балалар мен ересектер арасында өте танымал. Адамдар алдын-ала дайындалған және тез қызмет ететін тамақ сияқты. Дегенмен, дүниежүзіндегі дәрігерлер тез тамақтанатын зиянды азық-түлікті қарастырады. Олар тез тамақта көп мөлшерде калория, көп мөлшерде май және өте аз дәрумендер бар деп айтады. Сондай-ақ, жылдам тамақтанатын күнделікті қолдану артық салмақ пен асқазанға әкеледі. Бақытымызға орай, бүгінгі күні адамдар өз денсаулығы туралы көбірек ойлайды және олар үлкен мөлшерде тез тамақтану қауіпті болуы мүмкін екенін түсінеді. Фаст-фуд мәселесі бойынша әрқашан көп пікір бар. Кейбіреулер бұл мүлдем жаман емес дейді. Әдетте бұл адамдар жұмыс күндері көп жұмыс істейді, ал тез тамақтану кешкі асқа жақсы идея. Балалар сонымен қатар тез тамақ тізбегін жақсы көретіндерге де қатысты. Олар әсіресе ойыншықтарды азық-түлікпен қабылдағысы келеді. McDonald's осы стратегияны қолданатын алғашқы мейрамхана болды. Басқалары тез тамақтанудан аулақ, себебі бұл келесідей денсаулыққа әкелуі мүмкін: жоғары қан қысымы, жүрек ауруы және семіздік. Қорытындылай келе, менде әркімнің таңдау бар екенін айтқым келеді. Мен жаңа піскен жемістер мен көкөністерді таңдаймын. Мен жылдам тағам мейрамханасында болғанымда, мен салат пен апельсин шырынын тапсырыс беремін.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота