Мен логопед жумысын тандагым келеди. Ол балаларды дурыс жане адеми соилеуге комектеседи. бул купия емес коп балалар "р "жане "л" арипин. аита алмаиды. онда балалар оскенде оз сойлегенинен уиалып кисилермен соз байласыра алмаиды. ондай балаларга логопед комектеседи.бул жумыс оте киын оиткен балалармен жумыс истеу керек. бирак бул мени коркитпаиды. мен балалармен жумыс истегенди жаксы коремин. логопед жумысы мектептерде,бала бакшаларда жане ауруханаларга кажет. биз баримиз адеми солегенимизди калаимыз. биздер де создер мен матиндерда жаксы, тусиникти аитымыз келеди. менин оиымша мен бул жумыспен аинала алатыныма сенимдимин. ол ушин коп оку керек, бул ушин талап пен шыдамдылык, балаларга деген меирим жане махаббат керек. мен адамдарга комектеским келели.
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.” деген сарында басталатын.Одан бері талай көктем келді кетті.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл.Қыс пен көктемнің алмасар уақыты.Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің.Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі.Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.Келесі бала ол жаз мезгілі. Биылғы көктем ерке көрінді маған.Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды.Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді.Бірақ сонысымен адамды баурайды.Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл.Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де а асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…