Біздің үйімізде кішкене мысығымыз бар. Бәріміз оны жақсы көреміз, өзі сондай сүйкімді, ойнағанды жақсы көреді. Енді бір күні мысығымыз не істеді десеңізші? Анам жұмысқа кетерде кешкі тамақ әзірлеуге мұздатқыштан балық шығарып кетпей пе, кешке дейін жібіп тұрсын деп. Сөйтіп, мен сабақтан ерте келіп кешкі ас дайындамақ болсам, әлгі сүйкімді мысығымыз жібіп тұрған балықты жеп қойыпты. Не күлерімді, не жыларымды білмей, ақырында басқа тамақ әзірлеуге тура келді. Бұл оқиға біразға дейін есімізде қалатын болды. Содан бері мысығымыздың екінші аты "сотқар мысық" болды.
Қолөнер туралы диалог.
– Сәлеметсіз бе, әже!
– Амансың ба, Бейбіт!
– Қалайсыз? Үй тапсырмасына көмектесіп жібере аласыз ба?
– Иә, айта ғой, құлыным.
– Біз қолөнер туралы өтіп жатырмыз. Түсінбейтінім, қолөнершілер тек тұрмысқа қажетті бұйымдарды ғана жасай ма?
– Жоқ, онымен шектелмейді. Олар тіпті музыкалық аспаптар, қару-жарақтарды да жасайды.
– Мәссаған! Ал бұрынғы заманда табиғи шикізаттан, яғни саздан, құмнан, тастан не жасай алған?
– Құмыра, көзе, ыдыс-аяқ жасаған ғой, балам.
– Ал тастан, мыстан қылыш, найза секілді қарулар істеген бе?
– Дұрыс айтасың.
– Олар зергерлік бұйымдарды да жасайды. Әсіресе әйелдерге зергерлік бұйымдардың неше түрлісі болған. Менің сандығымда шолпы, сырға, білезіктер бар.
– Шынымен бе? Жүріңізші, көрсетіңізші.
– Жүре ғой, балам.
Сотқар мысық