Сəлеметсіз бе! - Танысалық, шырақ. Мен Телман аудандық атқару комитетінің председателі -
Қанабекпін.
- Мен осы Қарағанды күзетіп тұрған Ермек деген жұмысшымын.
- Бəрекелді! Іздегеніміз -сен едің. Мына кісілер-сонау Донбастан. Москвадан келеді.
Қарағандыға жан салмақ, бізбен бірге отырып,Совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой Сергей Петрович Щербаков,-деп зор денелі,бурыл бас кісіге нұсқады,-өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы... Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі-инженер Орлов.
Ермек енді əрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан əлі мардымды ештеме шықпаса да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр.
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан əйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына жиналды. Одан-бұдан жиыла -жиыла кішігірім топ құрылды.
- Қарағандыны жүргізуге келіпті.
- Донбастың мастерлері,-дейді.
- Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді».
Көп ішінде сабыр-күбір осылай жұріп жатты. Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды.
- Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, завод кілтін енді өз қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да кішірек көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңейтіп жіберген тəрізді. Қолын көтере, сол далаға мегзей.
- Жолдастар!- деді жуан дауыспен кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. -Осы далада Аппақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жыл өтіп барады. Содан бері орыс- ағылышын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бəрін ашамыз.
Тапсырма.
1. Мəтінді оқыңыз.
2. Мəтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой. Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған, Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар. Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Ат мінгізіп, жібек шапан жабады. Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды, Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға, Насыбайға бола өкпелеп қалатын. Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.